GiTi

Сауда маркасы бүгінде әлемдегі ең ірі шина өндірушілердің ондығына кіретін сингапурлық Giti Tire компаниясына тиесілі.

GiTi – жүк автошиналарын өндірушілер рейтингінде әлемде 4-ші және Оңтүстік-Шығыс Азияда 1-ші орында тұрған GiTi Tire халықаралық корпорациясына тиесілі автошиналар маркасы. 

GiTi маркалы өнімдерді әзірлеу кезінде, ең алдымен, батыс және шығыс Еуропада, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдерде сатып алушылардың қалауы мен автокөлікті пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

Бұл марканың өнімдері Ұлыбританиядағы, Германиядағы, Қытайдағы, Индонезиядағы және АҚШ-тағы бес инженерлік-техникалық орталықта әзірленеді және Еуропаның әртүрлі бөліктері мен климаттық аймақтарындағы әйгілі әлемдік автополигондарда сынақтан өтеді.

GiTi маркасының өнімдерін әзірлеумен Michelin, Continental, Goodyear сияқты компанияларда тәжірибесі бар мамандар айналысады. Бұл САПАЛЫ өнімді қалай жасау керектігін білетін адамдар.

Өнімнің құнын төмендету үшін GiTi автошиналарын өндіру Қытайда орналасқан, бұл сөзсіз артықшылық болып табылады, өйткені осы марканың автошиналарының бағасы іс жүзіндегі сипаттамалары бойынша (жүріс, басқарушылық, шамадан тыс жүктемелерге төзімділік) әйгілі әлемдік өндірушілердің өнімдерінен айтарлықтай төмен.

GiTi өнімдерінің сапасын тағы бір растау ретінде GiTi жүк автошиналарының қаңқалары «А» класы бойынша бағаланады және сенімділік өлшемшарты бойынша қалпына келтірушілердің үздік 10 рейтингіне кіреді.

West Technology